№15-НҚ Бұйрық «Апифит® прополис қосылған жақпамайы, жақпамай, 15 г сықпада» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7 тармақшасына сәйкес және «Апифит® прополис қосылған жақпамайы, жақпамай, 15 г сықпада» Комитет төрағасының 2026 жылғы 13 қаңтардағы №15-НҚ бұйрығына сәйкес:

- «Апифит® прополис қосылған жақпамайы, жақпамай, 15 г сықпада», ҚР-ДЗ-5№016623 тіркеу куәлігін ұстаушы «Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК, Қазақстан дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

Негіздеме: «Фирма «КЫЗЫЛМАЙ» ӨК  2025 жылғы 23 желтоқсандағы №ЗТ-2025-04543100 өтініші.

Дата публикации
14 января 2026