«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 3-НҚ «Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтіру туралы» бұйрығына сәйкес келесіні хабарлайды.
Химфарм акционерлік қоғамы өндіруші «Цеф III®+ Лидо, бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді) жиынтықта, 1 г, 1.0 г құтыда, 3.5 мл еріткіштен ампулада, 1 құты препарат 1 ампула еріткішімен картон қорапшада» сериялары № 23090173 және № 24100085 дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге қайта қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, «Дәрілік заттың серияларын (партияларын) қолдануға, өткізуге тыйым салу, сондай-ақ айналыстан алып қою туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 18 маусымдағы № 294-НҚ бұйрығының күші жойылды.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 39.4.2-16-1553/И хаты, 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № ПС-17/25, 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № ПС-20/25 және 2025 жылғы 17 қыркүйектегі № ПС-21/25 сынақ хаттамалары, «Химфарм» АҚ-тың 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № ЗТ-2025-04558576 өтініші, 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 2080 хаты.