№576-НҚ «Севкар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7 тармақшасына сәйкес және «Севкар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг» Комитет төрағасының  2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 576-НҚ бұйрығына сәйкес:

- «Севкар, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 400 мг», ҚР-ДЗ-5№025543 тіркеу куәлігін ұстаушы «Rogers Pharma» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

Негіздеме: «Rogers Pharma» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № ЗТ-2025-04347630 өтініші.

Дата публикации
26 декабря 2025