№574-НҚ «Авелокс®, инфузияға арналған ерітінді 400 мг/250 мл» дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылды

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Авелокс®, инфузияға арналған ерітінді 400 мг/250 мл» Комитет төрағасының   2025 жылғы 24 желтоқсандағы №574-НҚ бұйрығына сәйкес:

-«Авелокс®, инфузияға арналған ерітінді 400 мг/250 мл», ҚР-ДЗ-5№003600 тіркеу куәлігін ұстаушы «Байер АГ», Германия дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

            Негіздеме: «Байер Каз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №ЗТ-2025-04241754 өтініші.

Дата публикации
26 декабря 2025