«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы «Рилусан 50мг, қабықпен қапталған таблеткалар» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №584-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Рилусан 50мг, қабықпен қапталған таблеткалар», ЛП-№004746-РГ-KZ тіркеу куәлігін ұстаушы «ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.», Чехия дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: «ПРО.МЕД.ЦС Прага а.о.» 2025 жылғы 14 қазандағы шығыс №51/25 хаты.