№577-НҚ «Васталома, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 250 мг/5 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы ««Васталома, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 250 мг/5 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №577-НҚ осы бұйрыққа сәйкес ««Васталома, бұлшықет ішіне енгізуге арналған ерітінді 250 мг/5 мл», ҚР-ДЗ-5№025635 тіркеу куәлігін ұстаушы «Зентива к.с.», Чех Республикасы, дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын  хабарлайды.

Негіздеме: «Алвоген Фарма Трейдинг Юроп ЕООД» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің 2025 жылғы 3 қарашадағы шығыс №358 хаты.

Дата публикации
26 декабря 2025