«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 24 желтоқсандағы «Лоридамин, шаюға арналған ерітінді, 1,5 мг/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №573-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Лоридамин, шаюға арналған ерітінді, 1,5 мг/мл» ҚР-ДЗ-5№026385 тіркеу куәлігін ұстаушы «Химфарм» АҚ , Қазақстан дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: «Химфарм» АҚ 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №504 шығыс хаты.