«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Энерзейр Бризхалер®, капсуладағы ингаляцияға арналған ұнтақ 50мкг+150мкг+80мкг, 50мкг+150мкг+160мкг», дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы Комитет төрағасының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы №581-НҚ бұйрығына сәйкес:
- «Энерзейр Бризхалер®, капсуладағы ингаляцияға арналған ұнтақ 50мкг+150мкг+80мкг, 50мкг+150мкг+160мкг», ЛП-№001448-РГ-KZ тіркеу куәлігін ұстаушы «Новартис Фарма АГ», Швейцария дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылды.
Негіздеме: «Новартис Фарма Сервисэз АГ» компаниясының Қазақстан Республикасындағы филиалының 2025 жылғы 1 желтоқсандағы шығыс № RA-235 хаты.