№486-НҚ тіркеу куәліктері кері қайтарылls «Зербакса, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг/500 мг»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 4 қарашадағы  «Зербакса, инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг/500 мг» №486-НҚ осы бұйрыққа келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылғанын хабарлайды:

1) «Зербакса, Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг/500 мг», ҚР-ДЗ-5№023383, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Мерк Шарп и Доум ИДЕА ГмбХ», Швейцария;

2) «Зербакса, Инфузия үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ 1000 мг/500 мг», ҚР-ДЗ-5№023384, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Мерк Шарп и Доум ИДЕА ГмбХ», Швейцария.

Негіздеме: «Мерк Шарп и Доум ИДЕА ГмбХ» 2025 жылғы 15 қазандағы №188-R хаты.

Дата публикации
03 декабря 2025