«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7 тармақшасына сәйкес және «Наклофен дуо, капсулалар 75 мг» Комитет төрағасының 2025 жылғы 5 қарашадағы №492-НҚ бұйрығына сәйкес:
- «Наклофен дуо, капсулалар 75 мг», ҚР-ДЗ-5№009787 тіркеу куәлігін ұстаушы «КРКА, д.д., Ново место», Словения дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: «КРКА Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 22 қыркүйектегі №085-ОР хаты.