«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Қосуға және ажыратуға арналған гемодиализдік жинағы, өлшемдері: proHD CVC Set S, proHD CVC Set M, proHD CVC Set L» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 4 қарашадағы №487-НҚ бұйрығына сәйкес:
- «Қосуға және ажыратуға арналған гемодиализдік жинағы, өлшемдері: proHD CVC Set S, proHD CVC Set M, proHD CVC Set L», ҚР-ММБ-0№022742 өндірушісі «Bunzl Retail & Healthcare Supplies Ltd trading as 365 Healthcare», Ұлыбритания медициналық бұйымының тіркеу куәлігі қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: «Фрезениус Медикал Кейр Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі №221/08/25 хаты.