«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 30 қазандағы №482-НҚ бұйрығына сәйкес осы хаттын қосымшасында көрсетілген дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: «Софарма Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2025 жылғы 8 тамыздағы №801 өтініші.
Кері қайтарып алуға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктері
|
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Тіркелген күні |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, мемлекет |
|
ҚР-ДЗ-5№010820 |
19.01.2018 |
Нивалин®, таблеткалар, 5 мг |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№011158 |
30.01.2018 |
Нивалин®, инъекцияға арналған ерітінді, 2,5 мг/мл |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№011159 |
23.01.2018 |
Нивалин®, инъекцияға арналған ерітінді, 5 мг/мл |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№011160 |
23.01.2018 |
Нивалин®, инъекцияға арналған ерітінді, 10 мг/мл |
«АО СОФАРМА» Болгария |
|
ҚР-ДЗ-5№024235 |
31.12.2024 |
Дефламол®, жақпамай, 350 ХБ/400 ХБ/г |
«АО СОФАРМА» Болгария |