«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 22 қазандағы «Преслон, бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 500 мг/4 мл және 1000 мг/4 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №467-НҚ, осы бұйрыққа сәйкес келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылсын:
1) «Преслон, бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 500 мг/4 мл», ҚР-ДЗ-5№022283, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария;
2) «Преслон, бұлшықет ішіне және вена ішіне енгізуге арналған ерітінді 1000 мг/4 мл», ҚР-ДЗ-5№022284, тіркеу куәлігін ұстаушының атауы «Гранд Медикал Групп АГ», Швейцария.