«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 17 қазанындағы «Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төраға міндетін атқарушысының 2025 жылғы 1 қазандағы №444-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» №461-НҚ бұйрығын ақпарат реінде жолдайды.
«Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төраға міндетін атқарушысының 2025 жылғы 1 қазандағы №444-НҚ бұйрығының (бұдан әрі – Бұйрық) 1- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
Қан сарысуындағы (плазмасындағы) С гепатиті вирусына (СГВ) антиденелерді имунноферменттік анықтауға арналған «антиСГВ-ИФТ» реагенттер жинағы сериясы №: 5011/1, жарамдылық мерзімі 02.2027 ж., «ХЕМА» ЖШҚ өндірушісі, Ресей, ҚР-ММБ-0№023470 медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын».