«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 1 қазанындағы «Медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуын тоқтату және қолданыстан алып тастау туралы» №444-НҚ бұйрыққа сәйкес «АнтиВГС-ИФА «қан сарысуындағы (плазмасындағы) С гепатиті вирусына антиденелерді иммуноферментті анықтауға арналған реагенттер жинағы» сериясы №: k110/5011/1, жарамдылық мерзімі 02.2027 ж., «ХЕМА» ЖШҚ өндірушісі, Ресей, ҚР-ММБ-0№023470 медициналық бұйымның сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылғанын және қолданыстан алынып тасталғанын хабарлайды.