«Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» Комитет Төрағасының 2025 жылғы 12 қыркүектегі № 421-НҚ бұйрығына сәйкес:

- «Комбинат Фараб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан өндірген, «DOCTOR SEPT» антисептикалық құралы, орындалу нұсқаларында»
№ҚР-ММБ-0№022037 медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің қолданылуының тоқтатылғаны туралы хабарлайды.

Дата публикации
23 сентября 2025