«Дәрілік заттардың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

        «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Телзап-Амло, таблеткалар, 40 мг және 80 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы Комитет төрағасының 2025 жылғы 16 қыркүйектегі №425-НҚ бұйрығына сәйкес:

- «Телзап-Амло, таблеткалар, 250 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы «Зентива к.», Чех Республикасы, ҚР-ДЗ-5№025235;

- «Телзап-Амло, таблеткалар, 250 мг» тіркеу куәлігін ұстаушы «Зентива к.», Чех Республикасы, ҚР-ДЗ-5№025236 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

Дата публикации
23 сентября 2025