«Дәрілік заттардың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Топамакс, капсулалар 250мг және 500 мг» Комитет төрағасының  2025 жылғы 12 қыркүйектегі №420-НҚ бұйрығына сәйкес:

- «Топамакс, капсулалары 25 мг», РК-ДЗ-5№003911, өндіруші «Янссен-Орто ЛЛС», Пуэрто-Рико;

- «Топамакс, капсулалары 50 мг», РК-ДЗ-5№010414, өндіруші «Янссен-Орто ЛЛС», Пуэрто-Рико дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.

Дата публикации
23 сентября 2025