«Дәрілік заттардың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» Комитет төрағасының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі №411-НҚ бұйрығына сәйкес қосымшада көрсетілген дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылғанын хабарлайды.

Дата публикации
23 сентября 2025