«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық
және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша
департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар
мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе
алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1
тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025
жылғы 29 шілдедегі «Форстео®, тері астына енгізуге арналған ерітінді, 250
мкг/мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №364-НҚ
осы бұйрыққа сәйкес «Форстео®, тері астына енгізуге арналған ерітінді,
250 мкг/мл» тіркеу куәлігін ұстаушы «Лилли Франс С.А.С.», Франция, ҚР-
ДЗ-5№021064 дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын
хабарлайды.