«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық
және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша
департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар
мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе
алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1
тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025
жылғы 29 шілдедегі «Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 250мг және 500
мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №363-НҚ осы
бұйрыққа сәйкес келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері
қайтарылғанын хабарлайды:
1) «Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 250 мг» тіркеу куәлігін
ұстаушы «Сандоз С.Р.Л.», Румыния, ҚР-ДЗ-5№014243;
2) «Эксиджад®, ұсақталатын таблеткалар, 500 мг» тіркеу
куәлігін ұстаушы «Сандоз С.Р.Л.», Румыния, ҚР-ДЗ-5№014244.