«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық
және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша
департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар
мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе
алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1
тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025
жылғы 27 маусымдағы «Андрокур® Депо» бұлшықет ішіне инъекцияға
арналған майлы ерітінді 300 мг/3мл дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері
қайтарып алу туралы» №312-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Андрокур® Депо»,
бұлшықет ішіне инъекцияға арналған майлы ерітінді 300 мг/3мл, ҚР-ДЗ5№004353, өндірушісі «Байер АГ» компаниясы, тіркеу куәлігін ұстаушысы
«Байер АГ» компаниясы, дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылуы
туралы хабарлайды.