Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы кейбір шешімдерді кері қайтарып алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 18 ақпандағы «Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы кейбір шешімдерді кері қайтарып алу туралы» №120-НҚ осы бұйрыққа қосымшаға  сәйкес Медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркеу туралы кейбір шешімдерді кері қайтарып алу туралы хабарлайды.

Айналыстан алып қоюға тиіс медициналық бұйымдардың сериясы (партиясы) немесе сериялары (партиялары) бар субъектілер хабарлама алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде айналыстан алынып тасталынғанын Департаменттің Abai.dkmfk@gmail.com электрондық мекенжайына хабарлау қажет.

Негіздеме: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2024 жылғы 4 қыркүйектегі №-25/2463-И ішкі бақылау нәтижелері бойынша анықтама, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК 2024 жылғы 13 қыркүйектегі шығ.№09-07-2080/3401 хаты.

Дата публикации
20 февраля 2025