Медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы «Медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы» №66-НҚ осы бұйрыққа сәйкес келесі Медициналық бұйымдардың тіркеу куәліктерінің қолданылуын қайта қалпына келтіру туралы хабарлайды:

1) «Мұрын-жұтқыншақ жағындысынан SARS-CoV-2 антигенін анықтауға арналған «COVID-19 Ag+» экспресс-тесті», өндірушісі «Eco Pharm KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан, № ҚР-ММБ-0№023523;

2) «Нәжістен жасырын қанды анықтауға арналған (FОВ) экспресс тесті», өндірушісі «Eco Pharm KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Қазақстан, № ҚР-ММБ-5№015041.

Дата публикации
31 января 2025