«DEM өкпені жасанды желдету аппараты, орындау нұсқалары DEM-A, DEM-T, DEM-М» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 5 желтоқсандағы «DEM өкпені жасанды желдету аппараты, орындау нұсқалары DEM-A, DEM-T, DEM-М» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №551-НҚ осы бұйрыққа сәйкес DEM өкпені жасанды желдету аппараты, орындау нұсқалары DEM-A, DEM-T, DEM-М, ҚР-МБ (МТ)-0№027044  медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы хабарлайды.

Дата публикации
10 декабря 2024