«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 30 қазандағы «Хаврикс®1440 А гепатитіне қарсы белсенділігі жойылған вакцина, ересектерге арналған, инъекцияға арналған 1 доза/1мл суспензия» №465-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Хаврикс®1440 А гепатитіне қарсы белсенділігі жойылған вакцина, ересектерге арналған, инъекцияға арналған 1 доза/1мл суспензия» ҚР-БП-5№005901, ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз с.а, Бельгия өндірушісі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы хабарлайды.