«АНОРО®ЭЛЛИПТА®, дозаланған ингаляцияға арналған ұнтақ, 22 мкг/55мкг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы»

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 30 қазандағы «АНОРО®ЭЛЛИПТА®, дозаланған ингаляцияға арналған ұнтақ, 22 мкг/55мкг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №466-НҚ осы бұйрыққа сәйкес Глаксо Оперэйшенс Великобритания Лимитед (Глаксо Веллком Оперэйшенс), Ұлыбритания өндірушісі, «АНОРО®ЭЛЛИПТА®, дозаланған ингаляцияға арналған ұнтақ, 22 мкг/55мкг» ҚР-ДЗ-5№021600 дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы  хабарлайды.

Дата публикации
04 декабря 2024