Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Комитеттің Төрағасы міндетін атқарушының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №402-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығына сәйкес «ПОЛЬФАРМА» АҚ фармацевтикалық зауыты Нова Дембадағы өндірістік бөлім, Польша өндірінген №ҚР-ДЗ-5№025959 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 5 мг» және №ҚР-ДЗ-5№025958 «Дапаглисан, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 10 мг» дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің қолданылуы тоқтата тұрылғанын хабарлайды.

Дата публикации
30 сентября 2024