Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және  «Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және кейбір дәрілік заттарды айналыстан алу туралы» Комитеті төрағасының м.а. 2024 жылғы 18 қыркүектегі №396-НҚ  бұйрығына сәйкес осы хаттын қосымшасында көрсетілген дәрілік заттардың тіркеу куәліктері кері қайтарылып және айналыстан алынып тасталу керектігін хабарлайды.

Дата публикации
30 сентября 2024