«Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг және Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 22 тамыздағы «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг және Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №344-НҚ осы бұйрыққа сәйкес келесі дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарылуы және айналыстан алынуы туралы хабарлайды:

  1. «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия өндірушісі, «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 10 мг» ҚР-ДЗ-5№023066;
  2. «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия өндірушісі, «Арипегис® ОДТ, ауыз қуысында ұсақталатын таблеткалар, 15 мг» ҚР-ДЗ-5№023067.
Дата публикации
29 августа 2024