«Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 21 тамыздағы «Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №341-НҚ осы бұйрыққа сәйкес Eli Lilly and Company (Pharmaceutical Delivery Systems), АҚШ өндірушісі, Өсу гормонын енгізуге арналған ХуматроПен инъекторы, 6 мг, № 1, ҚР-МБ (ММБ)-0№024750 медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы хабарлайды.

Дата публикации
29 августа 2024