«Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 19 тамыздағы «Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» №339-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Сайбинкью, үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 50 мг, 100 мг, 200 мг» өндірушісі «Пфайзер Мэнюфэкчуринг Дойчленд ГмбХ», Германия, тіркеу куәлігінің нөмірі ЛП-№001123-ГП-KZ дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы хабарлайды.

Дата публикации
29 августа 2024