Мирамисан, жергілікті қолдануға арналған ерітінді 0,01 %, 100 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 13 тамыздағы «Мирамисан, жергілікті қолдануға арналған ерітінді 0,01 %, 100 мл» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №332-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «СУЛТАН» ЖШС, Казахстан өндірушісі, Мирамисан, жергілікті қолдануға арналған ерітінді 0,01 %, 100 мл, ҚР-ДЗ-5№025295 дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы  хабарлайды.

Дата публикации
20 августа 2024