«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2024 жылғы 30 шілдедегі «1,2 % Amvisc вископротекторы енгізуге арналған құрылғысымен, 0,8 мл» медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» №300-НҚ осы бұйрыққа сәйкес 1,2 % Amvisc вископротекторы енгізуге арналған құрылғысымен, 0,8 мл, Bausch & Lomb Incomporated, АҚШ өндірушісі, ҚР-МБ (ММБ)-0№023821 медициналық бұйымның тіркеу куәлігін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы хабарлайды.