Хуматроп, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 6 мг лиофилизат және инъекцияға арналған 3 мл еріткіш кері қайтарылып және айналыстан алынып тасталуы туралы

      «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Комитет төрағасының м.а. 2024 жылғы 18 шілдедегі «Хуматроп, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 6 мг лиофилизат және инъекцияға арналған 3 мл еріткіш» №279-НҚ бұйрығына сәйкес - Lilly France S.A.S., Франция өндірушісі, Хуматроп, инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 6 мг лиофилизат және инъекцияға арналған 3 мл еріткіш, ҚР-ДЗ-5№019069 кері қайтарылып және айналыстан алынып тасталғаның хабарлайды.

Дата публикации
15 августа 2024