«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
Мына дәрілік заттарының тіркеу куәліктері кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:
- GlaxoSmithKline Biologicals s.a, Бельгия өндірушісі «Ротарикс®, ротавирусты инфекцияның профилактикасына арналған адамның моновалентті аттенуирленген сұйык тірі вакцинасы, ішуге арналған суспензия, 1,5 мл/1 доза дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу және айналыстан алу туралы» ҚР-БП-5№019502;