«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 7) тармақшасына, 259-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысы 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қолдануды тоқтата тұру, тыйым салу немесе айналымнан алып қою не қолдануды шектеу қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 тіркелген), БҰЙЫРАМЫН:
Мына дәрілік затының тіркеу куәлігі кері қайтарылсын және айналыстан алынсын:
- Kocak Farma llac VE Kimya Sanayi AS , Түркия өндірушісі, Бикалутамид Гриндекс үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг, ҚР-ДЗ-5№014815.