«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 63-бабының 3-тармағына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына, 259-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 3-тармағының 7) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар) БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) төрағасының «Дәрілік заттардың сериялары (партиялары) тоқтата тұру туралы» 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 91-НҚ бұйрығының күші жойылсын.
- Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың серияларының (партияларының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.