«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-бабының 13) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 13-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21906 болып тіркелген) сәйкес (бұдан әрі – Қағидалар), БҰЙЫРАМЫН:
№ ҚР-ДЗ-5№020715 «Атрикс, Бұлшықет ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ еріткішімен (лидокаин гидрохлориді, инъекцияға арналған 1% ерітінді) жиынтықта, 1 г препараттан құтыда. Еріткіш 3,5 мл-ден ампулада. Препарат бар 1 құты, 1 ампула еріткішпен картон қорапшада» Митим С.р.л., Италия, сериясы 2340762KZA, 04.2026 ж. дейін жарамды, 8400 қапт. дәрілік заттың сериясының (партиясының) медициналық қолданылуы тоқтатылсын және қолданыстан алып тасталсын.