«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитетінің Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитет төрағасының 2026 жылғы 7 тамыздағы № 335-НҚ «Хиконцил Комби, қабықпен қапталған таблеткалар 500/125 мг, 875/125 мг» дәрілік заттың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына сәйкес:
- «Хиконцил Комби, қабықпен қапталған таблеткалар 500мг/125мг, 875мг/125мг», РК-ЛС-5№023996, РК-ЛС-5№023982 тіркеу куәлігін ұстаушы «КРКА, д.д., Ново Место», Словения, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылды.