«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 26 маусымдағы «Берни, ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер, 3 г» дәрілік заттың тіркеу куәлігін кері қайтарып алу туралы» №286-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Берни, ішке қабылдау үшін ерітінді дайындауға арналған түйіршіктер, 3 г», ҚР-ДЗ-5№022306, тіркеу куәлігін ұстаушы «So.Se.PHARM S.r.l» Италия, дәрілік заттың тіркеу куәлігі кері қайтарылғанын хабарлайды.
Негіздеме: Қазақстан Республикасындағы «Claus Marsh Ltd» жабық акционерлік қоғамы өкілдігінің 2026 жылғы 5 маусымдағы № ЗТ-2026-02413766 өтініші.