«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 2026 жылғы 15 маусымдағы №272-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы 4 шілдедегі № 330-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрығы негізінде келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының 2025 жылғы
4 шілдедегі № 330-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу туралы» бұйрығына осы хатқа қосымшаға сәйкес толықтыру енгізілді.
Негіздеме: «Медокеми ЛТД» компаниясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің 2026 жылғы 26 наурыздағы № 24 шығыс хаты.