№ 251-НҚ Бұйрық "Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы"

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті» РММ Сіздің назарыңызға жеткізеді, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы
24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің 2026 жылғы 19 мамырдағы «Медициналық бұйымның тіркеу куәлігінің күшін тоқтата тұру туралы» дәрілік заттың тіркеу куәлігінің қолданылуын тоқтату туралы» №251-НҚ осы бұйрыққа сәйкес «Медициналық функционалдық кереует KL-DB орындау нұсқаларында: KL-DB.I; KL-DB.II; KL-DB.III» №ҚР МБ (МТ)-0№028526 тіркеу куәлігінің қолданылуы тоқтатыла тұрғанын хабарлайды.

Негіздеме: Алматы қаласының прокурорының 2025 жылғы 29 қазандағы №  2-17-25-42045 ұсынуы және Алматы қаласының прокуратурасының 2026 жылғы 5 мамырдағы № 2-17-26-16185 хаты.

Дата публикации
05 июня 2026