«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау Комитеті Абай облысы бойынша Департаменті» (әрі қарай – Департамент) РММ-і Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-322/2020 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды айналыстан тоқтата тұру, тыйым салу немесе алып қою не қолдануды шектеу қағидаларының 12-тармағының 1 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Төрағасының 2026 жылғы 12 мамырдағы № 232-НҚ «Дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күшін тоқтата тұру туралы» бұйрығы негізінде қосымшаға сәйкес дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің күші тоқтатылды.
Негіздеме: Комитеттің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК-ның 2026 жылғы 14 сәуірдегі № 25-06-885/И хаты.
Тоқтатыла тұруға жататын дәрілік заттардың тіркеу куәліктерінің тізбесі
|
№ п/п |
Тіркеу куәлігінің нөмірі |
Дәрілік заттың атауы |
Өндіруші, ел |
|
1 |
ҚР-ДЗ-5№012008 |
Декарис, таблеткалар, 50 мг |
Гедеон Рихтер Румыния А.О., Румыния |
|
2 |
ҚР-ДЗ-5№012009 |
Декарис, таблеткалар, 150 мг |
Гедеон Рихтер Румыния А.О., Румыния |
|
3 |
ҚР-ДЗ-5№024806 |
Гельмидол, таблеткалар, 50 мг |
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан |
|
4 |
ҚР-ДЗ-5№024807 |
Гельмидол, таблеткалар, 150 мг |
«ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС, Қазақстан |