Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен кездесті.

Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйегінде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және ҚМДБ бөлім басшыларымен кездесті.

Кездесуде карантиннен кейін діни ғимараттардың жұмыс істеуі, діни экстремизмнің алдын алу аясында имамдардың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, өңірлерде мешіт құрылыстарын реттеу және т.б. мәселелер талқыланды.

Тараптар кездесуде Министрлік пен ҚМДБ өзара әрекеттесуін жетілдіру, сондай-ақ конфессияаралық келісімді нығайту мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысты тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.