Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Kazislam» порталының басшылығымен кездесті.

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Kazislam» порталының басшылығымен кездесті.

Ағымдағы жылдың 27 тамызында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов «Kazislam» ақпараттық-танымдық интернет-порталының басшылығымен кездесті.

Портал басшылығы оның жұмысын қайта форматтаудың нақты қадамдары туралы хабарлады. Осылайша, жастар аудиториясына ерекше назар аударылатын болады. Сонымен қатар, қоғамнан кері байланыс алу мақсатында порталдың интерактивтілігін едәуір арттыру жоспарлануда.

Өз кезегінде Е. Нүкежанов халық арасында діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарын түсіндіруге, ұлттық құндылықтар мен конфессияаралық диалогты ілгерілетуге бағытталған бірыңғай ақпарат көзі ретінде порталдың маңыздылығын атап өтті.