
Жоғары Мәртебелі
Нұрсұлтан Назарбаев мырза
Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президенті - Елбасы
Ассаламу алейкум уа рахматулла уа баракатух,
Алла Тағаладан Сізге, Жоғары Мәртебелі қолдау мен табыс тілеймін!
Сізге, Жоғары Мәртебелі 80-жылдық мағыналы өміріңізді атап өту салтанатына орай шынайы құттықтауымды жолдау - мен үшін үлкен қуаныш. Осы ретте Сіздің жаңашылдыққа негізделген қызметіңіздің нәтижесінде Қазақстан Республикасы тарихында мәңгілікке қалатын отандық және әлемдік деңгейде қол жеткізген биік жетістіктеріңізге тоқталғым келеді.
Қазақстан Республикасы қазіргі заман ағымымен ілгерілей отырып, жан-жақты даму мен өркендеудің, бейбітшілік пен әлеуметтік жарасымдылықтың үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы он жеті жыл көлемінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі секілді ғаламдық мінбер құру бастамасы арқылы өркениеттік үнқатысудың алғашқы жемісі ұсынылды. Көшбасшылар мен әртүрлі діндерді, мәдениеттерді және өркениеттерді ұстанушылар арасындағы үнқатысу көпірін орнату мен нығайту жолында оның өз мәресіне жететініне сенімдімін.
Сізге толағай табыс пен бақыт тілей отырып, құдіреті күшті Алла Тағаладан берекелі өмір беруді және игілікке бағытталған өршіл істеріңізді сәтті етуді тілеймін.
Жоғары Мәртебелі ізгі ниетім мен терең құрметімді қабыл алыңыз.
Доктор Мұхаммад бен Әбделкарим Әл-Иса,
Дүниежүзілік ислам лигасының
Бас хатшысы