Діни нысандарды а.ж. 5 шілдесінен 2 аптаға тыйым салуына түсіндірме

Діни нысандарды а.ж. 5 шілдесінен 2 аптаға тыйым салуына түсіндірме

Карантин режимінің босаңсығанынан кейін көптеген азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің талаптарын сақтамауы байқалды, бұл халық арасында аурудың күрт өсуіне әкелді.

Осыған байланысты, Мемлекет Басшысының тікелей тапсырмасы бойынша Мемлекеттік комиссия а.ж. 5 шілдесінен бастап азаматтардың күнделікті тіршілік әрекетінің көптеген нысандары бойынша 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады, оның ішінде діни  нысандардың қызметіне тыйым салынған.

Діни нысандардың қызметіне тыйым салу деп екі апталық кезеңде адамдардың келуі үшін жабық болуы тиіс діни ғимараттардың (нысандардың), яғни мешіттердің, намазханалардың, ғибадатханалардың, дұға ету үйлерінің, синагогалардың жұмыс істеуін тоқтата тұру түсініледі.

Бұл шара нысандарда вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында, үлкен және өткізу қабілеті жоғары ғимараттарда, сондай-ақ адамдар көп жиналатын діни ғимараттар болып табылатын нысандарда  енгізілді.

Қазіргі жағдайда-бұл мәжбүрлі шара. Мемлекет ешбір жағдайда адамдардың діни сенім бостандығына және діни бірлестіктердің қызметіне қатысу құқығын шектемейді, бірақ біздің азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығы бәрінен жоғары.

Барлық діндарлар мен жалпы азаматтар коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайту мақсатында қабылданған мемлекеттің осы шектеу шараларына түсіністікпен қарауы қажет.