
А.ж. 29 мамырында сағат 09:30-дан 19:00-ге дейін «Ашық диалог» интернет-порталында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің ұйымдастыруымен «Дінтану сараптамасын жүргізу» автоматтандырылған мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін түсіндіру бойынша интернет-конференция өтеді.
Интернет-конференция барысында діни сараптама жүргізу ережелеріндегі өзгерістер, сондай-ақ «Діни сараптама жүргізу» мемлекеттік қызметін автоматтандыру мәселелері талқыланады.
Конференцияға ҚР АҚДМ Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы мен сарапшылары қатысады.
Сұрақтар туындаған жағдайда жауапты орындаушы-Қабылов Нұрғали Бердікұлұлына хабарласуға болады – жұм. тел: 74 09 02