Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан православие шіркеуінің басшысымен кездесті

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан православие шіркеуінің басшысымен кездесті

15 мамырда Алматыға жұмыс сапары аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана мен Қазақстанның митрополиті Александрмен кездесті.

 

Кездесу Вознесенский шіркеуінде өтті. Министр Қазақстан Православие шіркеуінің қайта құрылуының 25 жылдығына орай жүргізілген ауқымды ғылыми және қалпына келтіру жұмыстарымен танысып шықты.       А. Балаева митрополит Александрдың елдегі бейбітшілік пен бірлікті сақтау, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді дамыту, отбасылық құндылықтарды нығайту жолында танытқан белсенділігін ерекше атап өтті.

Ол митрополитке коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алуға байланысты дер кезінде қабылданған қауіпсіздік шаралары үшін алғыс айтты: «Сіз елдің барлық шіркеулерінде қауіпсіздік шараларын алғашқылардың қатарында қолға алып, ұжымдық ғибадат ету қызметтерін тоқтатып, православие дінін ұстанушыларға коронавирустың таралмауы үшін жасалып жатқан мәжбүрлі сақтық шараларын түсіндірдіңіз».

Өз кезегінде, митрополит Александр Қазақстандағы православие шіркеуінің қызметі туралы кеңінен ақпарат беріп, шіркеу жүзеге асыратын түрлі әлеуметтік, қайырымдылық, рухани, білім беру және жастар үшін жасалатын жобалары туралы айтты.

Кездесу соңында Аида Балаева митрополит Александрға мемлекетпен сындарлы өзара іс-қимыл және серіктестік үшін алғыс айтты.